ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басшылық

 

Директор

Мақатова Жансауле Әлиқызы

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының  академигі,  Қазақстан білім беру академиясының  академигі,  Халықаралық ақпараттандыру  академиясының  академигі.

 1984 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының  филология факультетін, «орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі»  мамандығы бойынша бітірді, екінші мамандығы Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері  университетінің «ағылшын тілді өкілдік қызмет»,  Аспирантураны  Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында (1989-1992ж.ж.,) аяқтап, Докторантураны Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетінде (1997ж.) бітірді.

1994  жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында «Қазақстан мектептеріндегі азаматтық тәрбие мәселелері» бойынша кандидаттық диссертация қорғады, 1999 жылы «Қазақстан Республикасының  қосымша жоғары кәсіптік білім беру жүйесі  дамуының теориясы мен практикасы»  тақырыбында докторлық  диссертация қорғады. 2001жылы педагогика бойынша  профессор (ЖАК) атағы берілді.

(1984-1987 ж.ж..),  Алматы қаласы №73  мектепте мұғалім, (1988ж.),  ҚазМемҚызПИ Практикалық орыс тілі кафедрасында оқытушы, (1989-1992ж.ж.) Абай атындағы ҚазПИ Аспирантура, (1992-1997жж.) Абылай хан атындағы ҚазМемӘТУ Педагогика және психология кафедрасында аға оқытушы, доцент, (1997ж.) Абылай хан атындағы ҚазМемӘТУ Докторантура, , (1999ж.) факультет деканы,  (1999ж.) Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ «Кәсіби қайта даярлау институты» оқу ісі бойынша проректоры,  (2000ж.)Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ «Кәсіби қайта даярлау институты» ректоры,  (2000ж.)Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ «Екінші жоғары білім  беру институты»  ректоры, (2001ж.) Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ «Шет тілдері және  іс мәнсабы институты» ректоры қызметтерін атқарды.

 1998 жылы оның басшылығымен Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ екінші мамандық факультеті, Екінші жоғары білім  беру институты, «Андрагогика» кафедрасы, қашықтықтан оқытудың ғылыми-педагогикалық зертханасы ашылды, қосымша жоғары кәсіптік білім берудің : «0319 – шет тілі: екі шетел тілдері», «0214 – аударма ісі», «0619 – туризм», «0911 –іс жүргізу және басқаруды құжаттық қамтамасыз ету» (өкілдік қызмет); мамандықтары бойынша мемлекеттік стандарттары әзірленді, электронды оқу залы құрылып, іске қосылды, 8 ағылшын-лингвистикалық  пәндерден электронды оқулықтарды енгізу бойынша ересек студенттерді жеке оқытудың траекториясын дамытудың  автоматтандырылған бағдарламасы әзірленді.

2000- 2011 жж. ТМД елдері бойынша Карлова Университеті (Прага қ., Чехия мемлекеті) Оқыту бағдарламаларының директоры.

2011- 2012 жж. –Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институты директорының орынбасары.

2012 - 2015жж. - «Өрлеу» БАҰО АҚ  Оқу ісі және әдістемелік қамтамасыз ету  Департаментінің директоры.

2015 ж. қазан айынан бері бүгінгі күнге дейін ҚР Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының  директоры.

Оның   Қазақстан, Ресей, Чехия мемлекеттерінде 2 монографиясы және 100-ден аса ғылыми еңбектері жарияланды.

ҚР Президентінің Жарлығымен «ҚР Конституциясына 10 жыл» медалімен (2005 ж.),

ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет  грамоталарымен,

ҚР білім беру ісіндегі ерекше қызметі үшін ҚР «БІЛІМ БЕРУ ІСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ»  медалімен наградталған(2014ж.),

ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен (2016 ж.). 

   

Таңатова Әсел Жаңғазықызы

педагогика ғылымдарыныңкандидаты 

Директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары

 

   
 

Суатай Сәбит Құрманжанұлы

                  филология ғылымдарының  кандидаты, доцент  

                                   (associate professor)

         Директордың инновациялық даму ісі орынбасары

 Білімі: Әл-Фараби атындағы КазҰУ 

 Жарияланымдары:               

 Соңғы бес жылда жалпы жарияланғанғылыми мақалалар саны  -80. Комитеттің тізбесіне енгізілген басылымдардағы  жарияланымдар  саны-14,  Қазақстан республикасының басқада басылымдарында    жарияланған мақалалар саны-3,  алыс шетел конференцияларында    жарияланған мақалалар саны -16, жақын шетел конференцияларында  жарияланған мақалалар саны -9, Қазақстан республикасы аумағында    халықаралық конференцияларда жарияланған мақалалар саны -10,    Республикалық конференцияларда жарияланған мақалалар саны-11:

 Толығырақ

 

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің БАИ орынбасары
•әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің профессоры
•Cisco регионалды Академиясының директоры
•Қазақстан-Үнді ақпараттық технологиялар орталығының директоры
•Қазақ-Британ техникалық университетінің ақпараттық технологиялар факультетінің деканы
•Microsoft Академиясының директоры
•әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің директоры
•әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің оқу жұмысы жөніндегі проректор

Электрондық ресурстар

Мемлекеттік ресурстар

ЖУРНАЛ


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33