ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Қызметтер бағыты

1965 ж. – ҚазССР Министрлер Кеңесінің 18 желтоқсандағы №899 Жарлығымен 1965 жылы мұғалімдердің білімін жетілдіру институты құрылды (МБЖИ);

1995 ж. – Техникалық және кәсіптік білім беру кадрларының біліктілігін арттыратын Республикалық орталығы МБЖИ құрамына қосылды;

1996 ж. – МБЖИ Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институты (ББЖ КБАРИ) болып аталды;

2000ж. – ББЖ КБАРИ білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау жүйесінің үйлестіруші және әдістемелік-ұйымдастырушы мекемесі (ҚР БжҒМ 2000 жылғы 29 желтоқсандағы №1211, 2 тармағы бұйрығы) болып анықталды;

2011 жылдан бастап институт «E-learning» электрондық оқыту жобасын жүзеге асыруға қатысты. 2011-2012 жылдары берілген жоба бойынша курстарда білім беру ұйымдарының 16000 қызметкерлері институт мамандарымен оқытылды.

2012 ж. – ҚР ББЖ ҚБАРИ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филалы болып қайта құрылды.

2012 жылдан бастап институт Кембридж бағдарламасы бойынша педагог кадрларының біліктілігін арттырудың екінші деңгейлі 3 айлық курсын енгізді.


«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының құрылымы

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты әкімшіліктен, 1 басқармадан, 1 орталықтан, 5 кафедрадан, 6 бөлімнен, кітапханадан, мұражайдан, жатақханадан тұрады.


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33