ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Кері байланыс, тыңдаушылар жобалары

Денгейлік бағдарламалар орталығының тренерлерінің коучингі

2015 жылы 20.04-24.04. аралығында  Петропавловск қаласында, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында,  Алматы облысы Қарасай ауданында  және Алматы қаласында 2012-2014 жылдар арасында ББЖ ҚБАРИ – да 2 деңгей біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 124 сертификатталған мұғалімдерге курстан кейінгі қолдау көрсету семинары  өткізілді.

Семинар аясында ББЖ ҚБАРИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері Абуханова Р.Н., Турдахунова К.К., Тайтанова Н.К., Танатова А.Д. мұғалімдермен тренинг жүргізіп, әдістемелік кеңес берді, сертификатталған мұғалімдердің коучинг, зерттеу сабақтарына қатысты. Мұғалімдерге ресертификациядан өтуге дайындық, құжаттармен жұмыс, жоспарлауға  әдістемелік көмек берілді.  Мектеп басшыларымен, мұғалімдермен және оқушылармен жүргізілген сауалнамалар негізінде курстан кейінгі іс-шаралар мониторингі жасалды.


Денгейлік бағдарламалар орталығының тренерлерінің коучингі

Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренерлері 30.03 – 03.04.2015ж. аралығында 2012-2014 жылдар аралығында ББЖҚБАРИ базасында ІІ (негізгі) деңгейлік курстан өткен сертификатталған мұғалімдерге қолдау көрсетті. Астана мен Алматы, Қызылорда қалалары және ОҚО, Жамбыл облысының Меркі ауданында болды.

Тренерлер барлығы 281 мұғалімге кәсіби сұхбат және деңгейлік бағдарламалар ортатығында дайындаған сауалнамалар жүргізіп қажеттіліктерін анықтады. Бұл іс-сапар барысында сертификатталған мұғалімдердің қызметін басқаратын аймақтық мамандармен кездесті. Аймақтық деректер базасымен және оның бағытымен танысты.

Мұғалімнің қосымша біліктілігі мен дағдыларының сұраныстарына сәйкес коучинг және тренингтер жүргізді. Мұғалімдер жоспарлаудың жаңалықтарын, коуч және ментор дағдыларын дамытып, іс-әрекеттегі зерттеу бойынша рефлексия алды. Мұғалімдердің деңгейлік курстың түйінді идеяларын тәжірибелерінде қолданғанын бақылады. 

Сонымен бірге ресертификациядан өту бойынша кеңестер алды. Ресертификациядан өту үшін порталмен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін білді. Сертификатталған мұғалімдерге жеке кеңес және ұсыныстар берді.


Алғыс хаттар


ЖОО-ы ББЖҚБАРИ жайында


БАҚ-ғы басылымдар 


ББЖҚБАРИ тыңдаушыларының алғыстары 


Тыңдаушылардың үздік жобалары


 


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33