ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
БастыҚызметтер бағыты

Кітапхана

2018 жылдың 1-қаңтарына ББЖ ҚБАРИ кітапханасының кітап қорында 35 427 дана ғылыми-педагогикалық, анықтамалық, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттер бар. Сонымен қатар, біздің кітапханада еліміздегі педагогика саласы бойынша ірі әдебиеттер қоры жинақталған.

Қазіргі уақытта кітапхана жаңа 15 компьютермен жабдықталған. Ол институт қызметкерлері мен біліктілігін арттыруға келген тыңдаушыларға ғаламтор желісімен және басқа да мәліметтер базасымен қолдануға мүмкіндік береді. Кітапханада автоматтандырылған ақпараттық «РАБИС» бағдарламасы арқылы кажетті құжатты бірнеше библиогрфиялық белгілері: авторы, атауы, тақырыбы, кілт сөздері арқылы оңай табуға болады. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға қажетті ақпараттарды іздеп табуға, автоматтандырылған кітапханалық - ақпараттық бағдарламаны меңгеру және қызықтырған тақырыптарды өз бетімен іздеу жүргізуге көмек көрсетеді. Осы бағдарлама көмегімен «Электрондық каталог», «Педагогика» электрондық мәліметтер базасы жасалып, толықтырылады.

Жылына кітапхана 5000 астам оқырманға қызмет көрсетеді, соның ішінде институт қызметкерлері, курс тыңдаушылары, ЖОО оқытушылары, колледж, кәсіптік лицейлер, оқушылар, студенттер және магистранттар бар. Оқырмандар үшін кітапханаға келген жаңа әдебиеттер туралы қазақ және орыс тілінде тұрақты көрмелер бар. Олар: «Әлемнің жетістігін өзіңнен баста», «ББЖ ҚБАРИ – да басылып шығарылған әдістемелік құралдар», «Педагогикадағы жаңа әдебиеттер» және атаулы күндерге арналған көрмелер.

Кітапхана іс-тәжірбиелерімен алмасу және кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында Ұлттық кітапхана мен Республикалық Ғылыми-педагогикалық кітапхана, облыстық және Алматы қаласының білім жетілдіру институттарының кітапханаларымен ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Қазіргі кезде кітапханада меңгеруші – Толчинова Г.А., маман – Туткушова М.М., маман – Турбекова Ж.Т. қызмет етеді.

 


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33