ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

БЕЙНЕ-САБАҚТАР МЕН БЕЙНЕ-ДӘРІСТЕРДІҢ «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

Қазақстан Республикасы Президентінің Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын жариялайды.

Конкурстың мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

Конкурсқа қатысу үшін бейнематериалдар және ілеспе сұраныс «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыратын Республикалық институтының ұйымдастыру комитетіне 2018 жылғы 1 маусымнан бастап  25 қырқүйекке дейін жіберулеріңізді сұраймыз.

 

Бейнематериалдың түрі:

- дәріс (оқыту және тәрбиелеу әдісі, белгілі бір салада идеялар жүйесін дәйекті монологтық баяндау);

- практикалық / зертханалық жұмыс (теориялық білімді тереңдету және бекіту, өз бетінше эксперименттеу дағдыларын дамыту мақсатында өз бетінше практикалық жұмыс түрлерінің бірі);

- семинар (студенттердің жетекшінің берген тапсырмасы бойынша жеке сұрақтарды, мәселелерді, тақырыптарды өз бетінше оқуына негізделген баяндама,  реферат түрінде рәсімделген оқу процесінің нысаны).

 

Байқауды бағалау критерилері:

- Байқау жұмыстарының мазмұны байқаудың бағытына сәйкес болуы.

- Өзектілігі, заманауи білім беру талаптарына сәйкестігі, материалдардың практикалық бағыттылығы және әдістемелік құндылығы.

- Білім берудегі озық білім беру технологияларын және / немесе цифрлық технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу дәрежесі.

- Сюжеттік желіні құру логикасы.

- Байқау жұмысында АКТ құралдарын қолдану шеберлігі.

- Бейне материалдардың динамикасы.

- Визуалды қатарлардың сапасы.

- Дыбыс сапасы.

- «Өрлеу» БАҰО»АҚ білім беру арнасындағы YouTube-дағы көру саны.

Критерийлердің әрқайсысы бойынша 0-ден 2-ге дейін ұпай (0 ұпай - бағалау критерийі бейнеленбеген, 1 ұпай - ішінара бейнеленген, 2 ұпай толығымен бейнеленген).

Сараптау кеңесі мүшелерінің әрқайсысы ұпайды қояды, содан кейін орташа ұпай шығарылады, ол қорытынды ұпай болып саналады.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ білім беру арнасындағы YouTube-дағы көру саны» критерийі бойынша ережелер келесідей: - көру саны - 500-ге дейін болса - 0 ұпай; 501-ден 1000-ға дейін - 1 ұпай; 1001-ден көп болса - 2 ұпай.

 

Бейнематериалдардың техникалық сипаттамалары:

- көлемі HD (1280x720) бастап Full HD (1920x1080) дейін;

- формат * .mp4.

- бейне материалдардың хронометражы 20 минутқа дейін.

 

Ілеспе құжаттар:

- Байқауға қатысу туралы өтініш (2 қосымша).

Конкурстың республикалық кезеңінің жүлде қоры:

Жүлделі орындарға ақшалай сыйақы қарастырылған.

Байқауға қатысу үшін бұған дейін жарияланбаған, басқа байқауларға ұсынылмаған, бұған дейін  Интернетке тіркелмеген бейнематериалдар ұсынылады.

 

Конкурстың тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Сіздің университетіңіздің профессорлық-оқытушылар құрамын «Жоғары білім берудегі заманауи технологиялар» номинациясына қатысуға шақырамыз.

 

Конкурсқа қатысу  сұрақтары бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ҚР ББЖ ҚБАРИ  хабарласуға болады:

Алматы қ.,

Амангелді көшесі, 61, 61 А

Құрманов Бауыржан Каримжанұлы, моб.тел.: 8 777 293 23 21, жұмыс.тел.: 2 67 46 56

kurmanov.b@orleu-edu.kz

Дудинов Владимир Владимирович, моб.тел.: 8 707 299 51 00

dudinov.v@orleu-edu.kz

Батенова Мөлдір Маратқызы, моб.тел.:  8 702 951 77 49

batenova.m@orleu-edu.kz 

 

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ»

КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ӨТІНІМІ

Негізгі параметрлер

Параметрлерді толық жазу

1

Файлдың атауы:

 

2

Бейне материалдың атауы:

 

3

Тақырыптық бағыт (3-тармақ)

 

4

Аталым (2-қосымша)

 

5

Бейне материалдың үлгісі (5-тармақ)

 

6

Бейне материалдың қысқаша сипаттамасы (30 сөзден аспайды)

 

7

Т.А.Ә. (толық)

 

8

Лауазымы

 

9

Білім беру ұйымының атауы

 

10

Білім беру ұйымының мекенжайы

 

11

Электронды мекенжайы

 

12

Байланыс телефоны

 

Шығармашылық ұйымдар үшін 7-11- тармақтар әрбір қатысушы үшін біріңғай кестеде толтырылады

Ереже

Электрондық ресурстар

Мемлекеттік ресурстар

ЖУРНАЛ


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33