ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» Ұлттық идеяны жүзеге асыру

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының негізінде тәрбиенің әдіснамасын, мазмұны мен құрылымын жаңарту» практикум - семинары

2017 жылы  ақпан айының 24 жұлдызында «Обновление методологии, содержания и структуры воспитания на основе общенациональной идеи «Мәңгілік ел», ценностей семейного воспитания, интеграции обучения и воспитания» тақырыбында семинар – практикум өтті. Талқылау барысында сындарлы идеялар мен әртүрлі қолдану түрлері ұсынылды.       Жас ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелер талқыланды: тәрбие үрдісін ұйымдастырудың әдістемелік негіздері, білім берудің мазмұнын жаңартудағы тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жаңа амалдары, тәрбие берудің құндылықтары және  тәрбиелеудің басым бағыттары. Талқылау барысында сындарлы идеялар мен әртүрлі қолдану түрлері ұсынылды.  

 

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының негізінде тәрбие берудің мазмұнын жаңарту» семинар – тренинг

2017 жылы  сәуір айының 6 жұлдызында біліктілікті арттыру курс аясында «Обновление содержания воспитания на основе общенациональной идеи «Мәңгілік ел» тақырыбында семинар – тренинг өткізілді. Семинар-тренинг барысында тыңдаушылар тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа әдістерімен танысты, өзекті мәселелерді талқылады.                                                           

«Білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайында  отаншылдық және көшбасшылық қасиеттерді  қалыптастыру тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің негізі ретінде» біліктілікті арттыру курсы

2017 жылы сәуір айының 10 жұлдызында Қызылорда қаласында біліктілікті арттыру курс аясы кезінде мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарларына арналған «Формирование патриотизма и лидерских качеств как основы воспитания и социализации личности в условиях обновления содержания образования» тақырыбында А.А.Маханбетова «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша дәріс оқыды. Көшпелі тәжірибелік сабақ барысында № 264 мектеп-лицей базасында бастауыш сынып оқушыларымен «Мен – өз Отанымның патриотымын» тақырыбында ашық іс-шара өткізілді.

  

 

Жинақтарда жарияланған мақалалар

2017 жылы сәуір айының 24 жұлдызында «Академик  Т.Тажибаев и  современная педагогика Казахстана» тақырыбында Халықаралық ғылыми – практикалық конференцияда А.А.Маханбетованың «Мәңгілік ел» идеясы аясында  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыру» атты мақаласы жарық көрді. 2017 жылы мамыр айының 11 жұлдызында Қостанай қаласында «Мәңгілік ел»  идеясы негізінде оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу» тақырыбындағы облыстық ғылыми – тәжірибелік конференция жинағында О.И.Жақсымның «Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды жаңартылған білім мазмұны негізінде ендірудің тиімді жолдары» атты мақаласы жарық көреді.

   

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын оқыту мен тәрбиелеу  үдерісіне ендіру» тақырыбындағы дәріс

2017 жылы сәуір айының 24 жұлдызында Орал қаласында «Развитие профессиональной компетентности руководителя дошкольной организации в области оценки качества дошкольного воспитания и обучения» тақырыбындағы курс аясында п.ғ.к., доцент Б.О.Арзанбаева «Внедрение общенациональной идеи «Мәңгілік ел» в воспитательно-образовательный процесс дошкольной организации» атты дәріс оқыды. Дәрісте рухани-адамгершілік қасиеттері мен патриоттық сезімдері, азаматтық жауапкершілігі, ұлттық тұрғыда өзін-өзі тану мен толеранттылықты дамыту, көпұлтты Қазақстанның зайырлы құндылықтарын нығайту мәселелері талқыланды.

 

Мектепке дейінгі балаларды «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде тәрбиелеу, рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбындағы дәріс

ББЖ ҚБАРИ базасында «Проектирование образовательного процесса в дошкольной организации в соответствии с новой общеобразовательной Типовой программой»  мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған курс аясында «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру» тақырыбында М.Мұхамет дәріс оқыды. Курс барысында тыңдаушылармен бірге мектепке дейінгі ұйымдарда қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлау, патриоттық идеяны оқыту мен тәрбиелеу үдерісінің мәселелері  талқыланды.

 

«Педагог-тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін дамытуды тиімді басқару» республикалық семинар-практикумы 2017 жылы мамырайының 2 жұлдызындабіліктілікті арттыру курс аясында 

«Обновление содержания воспитания на основе общенациональной идеи «Мәңгілік ел» тақырыбында Петропавловск қаласының №1 орта мектебінің базасында «Педагог-педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытуды тиімді басқару»республикалық семинар-практикумы өткізді. Семинар жұмысы барысында Тайтанова Н.К. «педагог-тәрбиешінің» кәсіби құзыреттілігін дамыту бойынша коучинг өткізді, сертификатталған мұғалімдер. Ожигова Т.В. (№32 ЖОМ), Воронова Н.С. (№ 12 ЖОМ) және Абжанова С.А. (№6 ЖОМ) білім алушылардың тәрбие жұмысына интербелсенді технологияларды енгізу бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қатысушылары өзара тәжірибе алмасып, «педагог-тәрбиешінің» кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін қарастырып, талқылады.

  

 

  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идея мәнмәтіндегі патриоттық тәрбие» атты республикалық форумы               

2017 жылы  қыркүйек айының 28 жұлдызында институттың жедел жоспарына сәйкес «Патриотическое воспитание в контексте общенациональной идеи «Мәңгілік ел» Республикалық форум өтті. Форум мақсаты: «Мәңгiлiк Ел» ұлттық идеясының құндылықтары тұрғысынан мұғалiмдердiң кәсiби құзыреттiлiгiн қалыптастыру. Форум барысында өскелең жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу мәселелері,  «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізі, жеті қағидасы мен негізгі құндылықтары, Қазақстан халқының мүдделері мен тарихи тағдырын бейнелейтін мәселелеріне тоқталды. Білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтінде білім беру ұйымдарында оқыту мен тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

  

 

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы» дәрісі

2017 жылы қазан айының 23 жұлдызында Павлодар қаласында «Педагог-педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытуды тиімді басқару» тақырыбындағы мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасарларына арналған курста А.Т.Сахова «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы» жөнінде дәріс оқыды. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде білім беру ұйымдарында оқыту – тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың мәселелері тыңдаушылармен бірге талқыланды. Қазіргі таңдағы педагог-тәрбиешінің кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді түрлері мен әдістері қарастырылды және талқыланды.

  

 

  «Жалпыұлттық «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы құндылықтарын мектептің тәрбие үдерісіне ендіру жолдары» семинары

2017 жылы қараша айының 2 жұлдызында Көкшетау қаласында «Жалпыұлттық «Мәңгілік ел» патриоттық идеясы құндылықтарын мектептің тәрбие үдерісіне ендіру жолдары» тақырыбында Ф.С.Нарсеитова семинар өткізді. Семинарға 50 жуық оқытушылар қатысты. Семинардың мақсаты: мектеп директорының тәрбие жұмысындағы білім беру мазмұнын жаңарту мәнмәтініндегі кәсіби құзыреттілігін арттыру. Білім беру ұйымдарында жас ұрпақты жалпыұлттық құндылықтар негізінде патриоттық тәрбиелеу мәселелері көтерілді.

Электрондық ресурстар

Мемлекеттік ресурстар

ЖУРНАЛ


2018 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33