ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСШЫ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Аралас оқу (Blended learning)

Аралас оқу (Blended learning) – дәстүрлі күндізгі оқыту нысанында және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүргізілетін оқыту технологиясы.

Аралас оқу режиміндегі педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстары үш кезеңнен тұрады: күндізгі оқу, қашықтықтан оқу (онлайн-online), өз бетімен оқу (оффлайн-off-line). Оқу үдерісін жүзеге асыру үшін дәстүрлі оқу құрылымының қашықтықтан және күндізгі оқудың элементтерін қолдана отырып, тыңдаушылар оқу материалының белгілі бір бөлігін дәстүрлі оқу түрінде, ал оқу материалының қалған бөлігін – өз бетімен меңгереді.

Күндізгі оқу – тыңдаушы мен тьютор (модератор) арасындағы жеке байланыс арқылы жүзеге асырылатын оқудың негізгі формаларының бірі.

Қашықтықтан оқу – заманауи ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде жүзеге асырылатын өз бетімен оқу формасы. Оқу қашықтықтан, тыңдаушы мен тьютордың (модератордың) жеке байланысысыз ұйымдастырылады.

Өз бетімен оқу (ағыл. self-instruction) – тыңдаушының ұсынылған аудио, бейне және мәтіндік материалдарды үлкен жауапкершілігі мен өзіндік тәртібі негізінде тьютордың (модератордың) қатысуынсыз білім және/немесе тәжірибе алу.

Аралас оқу режиміндегі педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарының ұзақтығы:

72 сағатқа арналған бағдарлама бойынша – 18 жұмыс күнінен,

80 сағатқа арналған бағдарлама бойынша – 20 жұмыс күнінен,

160 сағатқа арналған бағдарлама бойынша – 40 жұмыс күнінен тұрады.

Аралас оқу режиміндегі курстардың ұзақтығына қарамастан, күндізгі оқу курстың алғашқы және соңғы күндері өткізіледі. Күндізгі оқу кезеңінің барлық материалдары (видео, мәтіндік материалдар) тыңдаушының бос уақытында өз бетімен оқуы үшін  білім беру порталында жарияланады.    

Аралас оқу режиміндегі білім берудегі оқу уақыты мынадай арақатынасты құрайды:

72 сағат көлеміндегі курс:

-  күндізгі оқу – 16 сағат (курстың алғашқы және соңғы күні);

-  қашықтықтан оқу (вебинар, online-форум, online -кеңес беру) – 8 сағат;

-  өз бетімен оқу  (ЭББР көмегімен ұлттық білім беру порталында off-line режимде оқу) – 48 сағат.

80 сағат көлеміндегі курс:

-  күндізгі оқу – 16 сағат (курстың алғашқы және соңғы күні);

-  қашықтықтан оқыту (вебинар, online -форум, online -кеңес беру)  –  8 сағат;

-  өз бетімен оқу  (ЭББР көмегімен ұлттық білім беру порталында off-line режимде оқу) – 56 сағат.

160 сағат көлеміндегі курс:

-  күндізгі оқу – 16 сағат (курстың алғашқы және соңғы күні);

-  қашықтықтан оқыту (вебинар, online-форум, online-кеңес беру)  – 12 сағат;

-  өз бетімен оқу (ЭББР көмегімен ұлттық білім беру порталында off-line режимде оқу) – 132 сағат.

Білім беру үдерісі ҚР БжҒМ бекіткен білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырылады. Аралас оқу режиміндегі курс бағдарламасы келесі модульдерден тұрады: нормативті-құқықтық, басқарушылық (басқарушы кадрлар үшін), педагогикалық-психологиялық, мазмұндық, технологиялық және вариативтік.

Әрбір модуль үшін тыңдаушының өз бетімен оқуына арналған материалдар мен тапсырмалар беріледі. Өзіндік тапсырмаларды мерзімінде орындау үшін «deadline» қойылады.

Күндізгі оқу кезеңінің алғашқы күні әрбір тыңдаушы:

-  білім беру порталына кіру қолжетімді болуы үшін жеке логин мен пароль алады;

-  білім беру порталы жұмысымен танысады;

-  онлайн кіріс сауалнамасын толтырады;

-  жоба жұмысының не шағын-сабақтың (шағын шараның) тақырыбын таңдайды.

Тьютор жоба жұмысының не шағын-сабақтың (шағын шараның) ұқсас тақырыптары бойынша 2-3 тыңдаушыдан құралған топтарды белгілейді.

Білім беру порталындағы бағдарламалық материалдарды меңгеру үшін тыңдаушыларға: курстың, модульдердің видеолары, барлық видеоларға арналған мәтіндік материалдар, тақырыптарға арналған толық мәтіндік материалдар, әрбір модуль мен тақырыптар бойынша таныстырылымдар, пайдаланған әдебиеттер мен ТӨЖ тапсырмалары ұсынылады.

Аралас оқу (Blended learning) жүйесінде жұмыс жасау

Тыңдаушыларға арналған нұсқаулық

Электрондық ресурстар

Мемлекеттік ресурстар

ЖУРНАЛ

Кітапхана


2017 © РИПКСО
Алматы қ., 050012, Амангельды 61
Яндекс.Метрика
Біздің телефон:
+7 727 267-44-21
Академиялық бөлім:
+7 727 267-46-33